Зенитшілер әзірлігін сынға салуда

 Зенитшілер әзірлігін сынға салуда

Қазіргі таңда Тараз қаласының маңындағы «Талас» стансасында әскери техника көп. Бұл 5-ші механикаландырылған бригаданың зениттік дивизионы теміржол платформаларына зениттік өздігінен жүретін қондырғыларды, зениттік-зымыран кешендерін, жауынгерлік машиналарды, жүк көліктерін жүктеді. Жүк тиеуді 85395 әскери бөлімінің зениттік дивизионының командирі майор Мұхит Әжібаев басқарды.

Әскери техниканың қатарында зенит қондырғылары басым. Өйткені, бұл әуе қорғанысы әскери бөлімшелері полигонға дайындалуда. Мәтібұлақ жалпы әскери полигонында әскери ӘШҚ бөліністерінің 30 күндік далалық шығуы басталады. Онда әскери қызметшілер іс жүзінде ӘШҚҚ-ның жауынгерлік үйлесімін және жауынгерлік атыстарды өткізуге тура келеді.

Әскери әуе қорғанысы – өз міндеттерін іс жүзінде пысықтау үшін кең ауқымды полигонды қажет ететін әскерлердің түрі. Яғни, олар үлкен кеңістікте ғана жұмыс істей алады. Ал Мәтібұлақ полигоны – практикалық ату үшін ең қолайлы орын. Ұзындығы – 60 шақырым, ені – 40 шақырым Мәтібұлақ полигоны көптеген әскер түрлеріне өз міндеттерін табысты өткеруге мүмкіндік береді, зымырандардың дыбыстары мен қару-жарақтардың атылуы азаматтардың тыныштығын бұзбайды. Оларды шексіз дала жұтып кетеді.

«Бірақ полигонға жету алдында марш жасау керек. Ал бұл далалық шығудың бірінші кезеңі болып табылады. Оны сапалы жүзеге асыру, полигонға жету өте жақсы деңгейде өтті. Демек, алдағы 30 күндік лагерлік жиын да сәтті өтеді деген ойдамын», дейді майор Мұхит Әжібаев.

Бұл күндері "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Үздік зениттік бөлімшесін анықтау үшін практикалық сабақтар, жауынгерлік атыстар мен жарыстар өткізумен толықтырылады. Бұл үдерісті "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы подполковник Жасұлан Баймусинов басқарады. «Сарбаздардың әзірлігін бір сынға салатын кез келді. Олар Қазақстанның қуатты армиясының бір бөлшегі емес пе? Сондықтан жауынгерлер кез келген жағдайға сақадай сай дайын болуы тиіс», дейді ол.

         Айта кетейік, 85395 әскери бөлімінің зениттік дивизионының әскери техникасы бар эшелон Тараз гарнизонынан Гвардейскийге келді. Олар темір жолда сегіз сағат бойы жүріп, 400 шақырымға жуық қашықтықты артқа тастады. Енді ауыр жүк көліктерімен тағы 30 шақырым жүретін бөлімше Мәтібұлақ полигонына барады.

Бұл уақытта Мәтібұлақ полигонына осындай эшелондар Шымкент, Луговой, Қызылорда гарнизондарынан да келе бастады.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының зенитші-жауынгерлеріне зениттік қондырғылар мен кешендерден оқ атудың жауынгерлік дағдыларын іс жүзінде пысықтай отырып, бір ай бойы дала жағдайында өткізу міндеті тұр. Бұл біздің жауынгерлеріміздің кәсібилігін шыңдап, шеберліктерін арттыра түседі. Әрі әр гарнизондағы сарбаздар бір-бірімен тәжірибе алмасып, пікір алмасады», деп атап өтті қолбасшылықтың баспасөз қызметкері Мұхит Қонаров.

 

 

Жауынгер-ардагерлер сән-салтанатта бас қосты

 

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери-үрмелі оркестрі Тараз қаласының төріндегі «Жеңіс» саябағында іс-шара өткізіп, демалыс орнын салтанатқа бөледі. Әр аспаптан әуелеген ноталар жанға ерекше әсер етеді. Әсіресе, бұл музыка арналған оқиғалар жаңғырығы тыңдарманның көз алдында лента сынды өтетін сыңайлы.

Бұл күні "Жеңіс" саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл басқосуды тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы-ардагерлер ұйымдастырды. Сонымен қатар Тараз қаласының көшелерінде кезекті сәйкес халықаралық ардагерлер автошеруі өтті. Мұндай шеру Нұр-сұлтан, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Сәтбаев, Жезқазған қалаларында да өткен. Ал автошерудің маңызды бөлігі Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында орын алған.

«Тәжікстанда біз ардагер-әріптестерімізбен кездесіп, жергілікті тұрғындармен әңгімелестік. Тәжік халқы қазақстандықтарға 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде біздің жауынгерлеріміз тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды тұрақтандыруға көмектескендері үшін алғыстарын жаудырғанын көрдік», – дейді "Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы-ардагерлер одағы" қоғамдық бірлестігін басқаратын гвардия подполковнигі Мұрат Мұхамеджанов.

Қазіргі уақытта тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылардың мәртебесін өзгерту мәселесі шешілуде. Болашақта бұл күн жауынгерлер контингентінің жеке мерекесі болуы да мүмкін. «Сол кезде сол оқиғаларды еске алу шаралары көп болады, ал ел жиырма бес жыл бұрын болған оқиғалар туралы көбірек білер еді», - дейді жауынгер-ардагерлер.

 

 

Әскерилердің отбасын қуантқан мереке

 

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов жазбен қоштасу мерекесін әскери қызметшілердің балаларына ұйымдастырды. Қолбасшы басқармасының штаб бассейнінде "Нептун күні" су мерекесін өткізіп, барлық Тараз гарнизонының әскери қызметшілерінің отбасын жинады.

Құрметті қонақтар ретінде "Жамбыл электр желілері" ЖШС қызметкерлері шақырылды, себебі осы серіктестіктің бас директоры «Оңтүстік» әскери округ әскерлерінің бірінші қолбасшысы генерал-майор Алихан Бірімжанұлы Жарбулов болып табылады.

Бассейндегі мереке музыкамен, әртістердің өнер көрсетуімен аяқталды. Ал басты оқиға ретінде гарнизонның барлық бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысқан жарыстар болды. Барлығы алты команда құрылды, оның ішінде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқару командасы мен "ЖЭС" ЖШС командасын атап өтуге тиіспіз.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте "Жамбыл электр желілерінің" қызметкерлері бірінші орынды иеленді. Екінші орынды подполковник Рамазан Кенжебаев басқарған штаб батальоны жеңіп алды. Үшінші орынды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының командасы иеленді.

Кубоктарды, жүлделерді және сыйлықтарды генералдар Қайдар Қарақұлов пен Әлихан Жарболов, сондай-ақ мереке қонақтары, Қарулы Күштердің ардагерлері генерал Әлімжан Ерниязов, Әбдіхаппар Қазиев, полковник Евгений Люлькин табыс етті.

Жарысқа Тараз қаласының № 4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, Азия ойындарының күміс жүлдегерлері және су добынан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары қатысты. Бұл команданың жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Марина Горгидзе жүзуді орындау сапасын бақылап, төрешіліктің әділдігін қамтамасыз етті.

Мереке ойдағыдай өтті. Ол балалар үшін жаздың жақсы аяқталуы болды. 1 қыркүйек күні әскери қызметшілердің балаларына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының штабында болған даңқты уақыты мен жазда қоштасу су мерекесі туралы өз сыныптастарына айтып береді.

 

Әскерилерилердің қамқорлығы

 

«Отар» әскери полигонына бір мысық қонаққа келді. Қайдан келгені белгісіз. Бұл ондағы әскерилерді қатты таңқалдырды! Өйткені, айналада ауыл жоқ немесе елдімекен де орналаспаған. Ең жақыны – Гвардейский әскери қалашығы. Оның өзі бақандай 15 шақырым қашықтықта.

«Халықаралық армия ойындары өтіп жатқан болатын. Өзіңіз ойлап көріңіз, айдаладағы полигон. Баспасөз орталығында бір мысық пайда болды және ешқайда кетпейді қусақ та. Бірақ та бұл оқиғаға бәріміз қуандық. Себебі, ауыр жұмыстан, күнделікті жарыстардан бәріміз де шаршап, қалжырап жүрген едік», дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің баспасөз хатшысы Дина Мухаринова.

Таңертеңнен бастап іске кірісетін әскери журналистер Гвардейскийден көптеген ақпараттар таратады. Мұнда Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Иран сынды "АрМИ-2019" қатысушы басқа да елдердің тілшілері жетерлік болатын. Сондай-ақ баспасөз орталығында "1-ші Еуразия арнасының" жылжымалы телестанциясы да жұмыс істеді. Осылардың барлығы мысыққа бауыр басып қалыпты. Баспасөз хатшысының айтуынша, олардың бәрі де мысықты жақсы көріп кеткен. Ал сержант Асхат Ахметовтің жануарға мейірімі ерекше болған көрінеді. Өйткені ол оны бос уақытында тамақтандырды, сипалайды, ойнатады. Кейін Асхат баспасөз орталығына жауапты болып тағайындалып, асхананың жұмысына да жауап беретін болды. Бұл мысыққа жақсы болған екен.

«Баспасөз орталығы сүйкімді жануардың жайлы үйіне айналды. Әсіресе, "Артиллериялық оттың шеберлері" байқауының қазақстандық командасы өнер көрсететін тұста мысықтың күйі кіріп, келгендегіден ширақ қимылдайтын болды. Айналасындағылардан назар аударуды талап ететін болды. Ал біздің минометалық есеп топтарымыз мәреге келгенде, мысық та үстел шығып ойнақтап, қуанған сыңай танытты», дейді Дина Мухаринова.

Біз жақында сержант А.Ахметовке қоңырау шалып, мысықтың қазіргі тағдырын сұрадым. Олар ойындар аяқталған соң, полигоннан қайтқан екен. «Мысықты да өзімізбен бірге алып кеттік. Қорғаусыз қалған бір жануарға пана болып, қамқорлығымызға алғанымызға қуаныштымыз. Егер әскери бөлімде мысықты асырауға ниет танытқан отбасылар болса, беруге әзірміз», дейді Асхат.

   АСХАТ РАЙҚҰЛ


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи