Ұшу-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

55652 әскери бөлімінде 2018 жылғы қыркүйек айының басталуымен қатар ұшу-тактикалық оқу-жаттығулар басталды.

Ұшу-тактикалық оқу-жаттығулардың бастамасы әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғарғы деңгейіне келтіруден бастау алды. Осындай оқу-жаттығулар ұшқыштардың және барлық жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін шыңдап, дамытудың жаңа мүмкіндіктерінің қайнар көзі болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштері Қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы полковник Н.Е.Топаев жаттығулардың ұйымдастырылуы, жүргізілуі мен орындалуын қадағалап қолдау көрсетті.

         Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты ұшқыштар мен жеке құрамның авиациялық техникада жауынгерлік қолдануын практикалық жүйеде «Луговая» әуеайлағына ұшып барып, «Мунке» полигонында ату жаттығуларын кәсіби деңгейде жүргізу болып табылады.

         Берілген тапсырма бойынша шартты түрде белгіленген қарулы бандалық топтың басып алған биіктігін жаулап алу үшін авиациялық көмек күштері ретінде ұшақтар мен тікұшақтар шақырылды.

         Шақыру бойынша Шымкент авиациялық базаның мерген ұшқыштары МиГ-29, Су-25 ұшақтарында түйінделген нүктелерге атулар жүргізілді. Оның ішінде негізгілері қалқандалған техника, қорғаныстағы басқару пункттері мен басқару орындары болып табылды.

         Ұшақтардың шабуылынан кейін Ми-35 және Ми-171 тікұшақтарында қарсыластың жойылмай қалған жаяу әскерін, қалқандалған техникаларын жою бойынша атуларды шебер орындады. Белгіленген қарулы бандалық топ жауынгерлік тапсырма бойынша толығымен талқандалды.

         Біздің авиациялық базаның жеке құрамы қойылған барлық жауынгерлік тапсырмаларды толық көлемде, өз уақытында орындауға әрдайым дайын.

Майор У. Хамутов

ӘҚК 55652 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"