Үздік қызметкерлер марапатталды

       Қазақ қазақ болып жаралғалы өзге елге көз алартпай, елін, жерін, шаңырағын ақ найзаның ұшымен, қисық қылыш жүзімен жауларынан қорғап келген. Қандай нәубет қырғын келсе де соңғы демі қалғанша бостандықты аңсап, азаттыққа ұмтылған. Бүгінде бабаларымыздың сол ұлы арманы орындалып, қазақ елі Тәуелсіздігінің 27 жылдығын атап өтуде.  

       Тәуелсіздік мерекесін Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы кеңінен атап өтті. Мерекені әскери оқу орнының жеке құрамы саптай тізіліп, тік тұрып қарсы алудан бастады. Ортаға институтымыздың жауынгерлік туы шығарылып, мемлекеттік әнұранымыз орындалды. Жеке құрамды құттықтаған институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков өз сөзінде «Тәуелсіздік қазақ халқына оңай жолмен келген жоқ. Талай сындарлы жолдардан өттік. Жоңғар шапқыншылығы, патша билігіне қарсы тұрған ұлт азаттық күрес, 30 жылдар басындағы зұлмат аштық қазақ халқын жойып жіберудің аз-ақ алдында болды. Бірақ қашанда қандайда болмасын тура келген ажал тырнағынан бостандықты сүйген, намысты биік қойған өр халық ретінде аман шығып, бүгінде Елбасы салған сара жолмен жүріп келеміз. Шекарамызды бекітіп, айбынды әскермізді құрдық. Алыспен де жақынмен де татулық орнатып, экономикамызды нығайттық. Қазақстан халықтарының достығын арттырып, бүгінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын атап өтудеміз. Осы орайда барлықтарыңызды төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын» деді.

      Мереке барысында үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілерге кезекті әскери шендер, мақтау қағаздарымен қатар «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдар, ҚР «Құрметті ардагері» төс белгілері табысталды.  

       Осы тұста Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай институт бастығының кубогы үшін институтымыздың бітіруші түлектері 5 курс курсанттарының ұйымдастыруымен, футболдан, волейболдан, әскери қоян-қолтық ұрысынан дәстүрлі XIII курсанттар спартакидасы да өз мәресіне жетті. Осы мерекелік іс-шара барысында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерді институт бастығы грамота, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

      Мерекелік концертте институтымыздың шығармашылық тобымен қатар Қазақстан эстрада жұлдыздары, өнер театрларының өрендері және «Салтанат» би ансамблінің бишілері өнер көрсетті.

      Концерт соңында институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков мерекеліс іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған тәрбие және идеологиялық басқарма ұжымына жеке құрам атынан алғысын жеткізді.

Е.ӘЛІБАЕВ

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Суретті түсірген Е.ӘЛІБАЕВ

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"