Туым –айбыным, Елтаңбам – тарихым, Әнұраным – жүрегім!

Еліміздің тәуелсіздігін айқындаушы факторлардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.  Өзін өз елінің нағыз патриоты санайтын әр бір жан үшін, бұл ұғымдар – киелі.   Халқымыздың тарих қойнауына терең үңілсек, таңба мен тудың, ұрандардың бізге жат дүние емес екенін білеміз. Түп тамырына келсек, әр халықтың өзін даралайтын  таңбасы мен туы болған екен. Олар қашанда қасиетті болған.

2018 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне байланысты жеке құрамның қатысуымен «Туым - айбыным, Елтаңбам – тарихым, Әнұраным – жүрегім!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен бастау алды. Басқарма бастығы полковник Көпбосын Кеңесбекұлы Нурдинов пен басқарма бастығының орынбасары полковник Айжігіт Қойшиевич Рахимбердиев жеке құрамды ҚР Мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, аға сежант Қайырбек Тайтулевич Жуанышевқа кезекті «3-сынып сержант» әскери шені берілді.      Басқарма бастығының көмекшісі (мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің маманы) Альмира Көшербайқызы Жабаева «Тәуелсіздік жолында» атты толыққанды баяндама жасады. Мемлекеттік тілге деңгейлік топтарда оқытылатын үйренушілер өз тарапынан ізденіп, азаматтық персоналдар Вера Несина, Әсел Жұмабекова, Дина Жылыбаева, Камшат Тастанбекова патриоттық-поэзиялық сарындағы қазақ ақындарының өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Іс-шара барысында есептеуші техника құралдарын және бағдарламаны қамтамасыз ету аға маманы Елдос Тамдыбекұлы Құлабеков мерекеге байланысты басқарма бөлімдері бойынша алғаш рет «Біз тарихымызды білеміз!» атты зияткерлік байқау ұйымдастырды. Байқауда тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлеріне, ең басты тарихи оқиғалар мен астын сызып қоятын тарихи даталарға, мемлекеттік рәміздер мен оның авторларына байланысты сұрақтар қойылды. Байқауда аға лейтенант Нұрбол Жалпанов өз әріптестерінің арасынан суырылып шығып, зеректігі мен білімділігімен әріптестерін тәнті етіп, бас жүлдеге ие болды. Іс-шара соңында басқарманың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары ерекше тебіреніспен еңсеңді биіктетіп, абыройыңды асқақтатын ақын-сазгер Ермұрат Зеіпханның «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

    Мемлекеттік тілді дамыту

бөлімінің маманы Альмира Жабаева

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"