«Тактик» біліктілікті арттыру курстары өткізілуде

Құрлық әскерлері әскери институтындағы оқу-жаттығу орталығының базасында артиллериялық дивизиондардың командирлерімен «Тактик» біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Курс басталар алдында командирлер тактикалық, оқ ату, дене даярлығы бойынша, әскери топография, атыс және атуды басқару, жалпыәскери жарғылары, сондай-ақ автокөлік техникаларын жүргізу бойынша тексеруден өтті. Курсқа қатысушылар оқу-жаттығу барысында ұрыста және қарулы қақтығыста артиллериялық бөлімшелерді басқару, қорғаныста әскери іс-қимылдарды білу, шабуылдау, өз бетінше және артиллериялық топ құрамында арнайы жауынгерлік іс-қимылдардың ерекшеліктерін білу жөнінде білім деңгейлерін арттырады. Біліктілікті арттыру курсына барлығы 229 оқу-жаттығу сағаты, оның ішінде практикалық сабақтарға – 175 сағат бөлінген. Соның ішінде 34 сағаты түнгі оқу-жаттығуларға арналған. Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге институттың жауынгерлік практикалық тәжірибесі бар басшылығы мен оқытушылық құрамның арасынан әдістемелік тұрғыда дайындалған мамандар қатысады.
«Біз алғаш рет осындай курсқа қатысуға келдік. Бұл жерге келу үшін медициналық тексеруден өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырдық, барлық пәндер бойынша тестілеуден өттік. Жауынгерлік іс-қимыл мен жауынгерлік даярлықтың көп жылдық тәжірибесі барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыруда жалпыәскери және артиллерия командирлердің (бастықтардың) қазіргі замандағы ұрыс қимылдарында артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік әдістерінің негізін терең білуіне байланысты екенін көрсетеді. Ал «Тактик» біліктілікті арттыру курсы міндетті түрде қажет. Құрлық әскерлері әскери институтының ұйымдастырушылары мен оқытушыларына «Тактик» курстарында тереңдетілген білім алуға берген мүмкіндіктері үшін алғысымды білдіремін», - деп «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы артиллериялық дивизион командирі майор Ғани Әбуов атап өтті.
2018 жылдың наурыз айының басында оқыту аяқталысымен Негізгі оқыту пәндері бойынша бағдарламаның ауқымында кешенді емтихан өткізілетін болады.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"