Қылмысқа орын жоқ

Аптаның басында Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының аға көмекшісі әділет подполковнигі Н.С.Алпысовтың төрағалық етуімен Приозерск гарнизонына қарасты әскери бөлімдерінің қызмет барысына тексеріс жүргізілді.

Басты мақсат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы мен 2017-2021 жылдар аралығындағы «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының жүзеге асуы болатын. Аталған бағдарламалардың орындалу барысы гарнизонның әскери бөлімдерінде Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Ж.Жақыповтың басшылығымен жоспарлы түрде орындалып келе жатқандығын айқындап берді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының аға көмекшісі әділет подполковнигі Нұрлан Алпысов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша кіші сержанты Б.Мамырхановты қабылдап, сұрақтар бойынша жауап берді. Сонымен қатар, әскери қызметшінің туындаған мәселелеріне заң тұрғысында лауазымды тұлға тарапынан кеңес беліліп, көкейінде жүрген түйіктілді мәселелер шешімін тапты.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"