Қазақстан әскерінің барлау бөлімшелері жеңімпаз атанды

Қазақстанда «Алтын үкі - 2019» халықаралық арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің сайысы мәресіне жетті. Жарыс Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының полигонында Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің барлау топтарының қатысуымен өтті.

Біздің елдің әскерилері жарыстың абсолютті жеңімпаз командасы атанды. Екінші орынды Өзбекстан мемлекетінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынға Беларусь Республикасының өкілдері табан тіреді. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов халықаралық жарыстың нәтижелерін қорытындылады. «Сендерге психологиялық және дене төзімділікті сынап көруге үлкен мүмкіндік болды. Ең бастысы барлығын осындай баға жетпес тәжірибе алдыңдар және ерекше көңіл-күймен қайтып барасыңдар» - деді өз сөзінде ҚР ҚК Бас штаб бастығы. Сонымен қатар, түрлі номинациялар бойынша үздік қатысушылар анықталды. «Үздік жарғыш» Үнді Республикасының өкілдеріне берілсе, «Үздік автомат атқышы» Ресей Федерациясының әскери қызметшілеріне бұйырды. Қазақстандық әскери қызметшілер «Топтың үздік командирі», «Үздік мерген», «Үздік пистолет атқышы» және де «Үздік зеңбірекші» аталымдары бойынша көшбасшы деп танылды.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"