«Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығының базасында Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан және Халықаралық Қызыл Крест комитеті қарулы күштері өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны – 2019» тактикалық арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын жоспарлау бойынша конференция өз мәресіне жетті.
Конференция барысында әкімшілік, медициналық, тылдық қамтамасыз етуды қамтитын оқу-жаттығуға дайындалу және өткізу мәселелері талқыланды. «Дала қыраны – 2019» көпұлтты бітімгершілік оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы маусымда Алматы облысында өтеді.