Нәтиже көңіл көншітеді

Жуырда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы тексерді.

Бас инспекция  тексеріс барысында жауынгерлік даярлық барысын бақылап, сонымен қатар әскери саладағы арнайы пәндер бойынша сынақ алды. Комиссияға төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-майор Әмір Қасымбекұлы Халықов мырза. Жалпы, әскери ұжымдар мен бөлімшелердегі жеке құрамның білім және кәсіби машықтарының нәтижесін көрсетер бұл сынаққа 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері моралдық-психологиялық тұрғыда және де жауынгерлік даярлық пен әзірліктің жоғары деңгейін көрсетіп, ынта-жігері мен қабілет-қарымын тиісті деңгейде көрсете білді.

Тексеріс алдындағы аптада жеке құрамды рухани және физикалық тұрғыда дайындалуға жұмылдырған  барлық деңгейдегі командирлердің жасаған жұмыстары мен маңдай тер-еңбектері зая кетпеді. Бұл жолғы тексерістің өзгешеліктері батальондық тактикалық топ ауқымындағы жауынгерлік тапсырмалардың орындалу деңгейін тереңдете тексеру болды. «Не ексең, соны орарсың» дегендей, әрине, әскерилер арасында жақсы қырынан танылып, абыройлы болғандар да, қалт кетіп қателескендер де болды.

Қорытындылау кезінд Бас инспекциясы комиссиясы жүргізген тексеріс нәтижесі «қанағат» деп бағаланды.

 Капитан Н.Малғаждаров

27943 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"