Халықаралық армия ойындарына арналған конференция

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Ә.Алдабергеновтің жетекшілік етуімен Ресей Федерациясының Мәскеу облысында «Патриот» әскери-патриоттық саябағында өткен «АрХО-2019» халықаралық сайысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үшінші жоспарлаушы конференцияға қатысты.

Қазақстаннан басқа конференция жұмысына аумақтарында «АрХО-2019» байқаулары өтетін  Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан әскери ведомстволарының делегациясы қатысады. Іс-шара барысында байқау ұйымдастырушылары қатысушылардың байқаулардың өткізілу орындарына келуі (кетуі) тәртібі мен орындары нақтыланды, байқаулардың өткізілу орындарын алдын ала барлауды жүргізу мәселелері, байқауларды ұйымдастырушы елдердің аумағында шетелдік командаларды қабылдау шарттары талқыланды. АрХО сайысы өте тиімді болып табылатынын айта кету қажет. Себебі, ол білім мен тәжірибе алмасу арқылы қорғаныс қабілетінің дағдысын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ физикалық тұрғыдан жетілдірілуге ұдайы талпыну үшін ынталандыру болып табылады. Ағымдағы жылы ойындар 2019 жылғы тамыздың 3-і мен 17-і аралығында өтеді. Оның барысында 32 байқау өткізу жоспарлануда.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"