Халықаралық әскери ойындарына әзірлік деңгейі ауқымды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Арми-2018» халықаралық армия ойындарының шеңберіндегі халықаралық жарыстарға қатысатын әскери қызметшілер дайындықтан өтуде.

Талдықорғанда 54380 әскери бөлімінің базасында «Сенімді айла-тәсіл» әскери байланысшылардың кәсіби біліктілігі байқауы аяқталды. Бұл байқау төрт кезеңнен тұрды. «Мерген атқыш», «Сенімді айла-тәсіл», «Сенімді тарату» және ең соңғысы «Кез келген тұрғыдағы байланыс» атты әскерилендірілген эстафета болды. Конкурстың қорытындысы бойынша десантты-шабуылдаушы әскерлерінің әскери қызметшілері дайындық деңгейін жақсы жағынан көрсетті. Осылайша, іріктеуден өткен әлеуетті үміткерлер халықаралық байқауға қатысатындардың қатарына енді.

Қарағанды облысындағы Спасск оқу полигонында Қарулы Күштері көлемінде «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысу үшін әскери қызметшілер таңдалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ең үздік кәсіби шеберлері атағын алу үшін конкурс барысында келісімшарттағы әскери қызметшілер жауынгерлік, арнайы, мемлекеттік-құқықтық дайындығы негізгі пәндері бойынша жарыстар өткізеді. Сондай-ақ олардың әдеби, көркемдік және би дарынын көрсетеді.

«Қазақстан Қарулы Күштерінде «2018 жылғы Армия халықаралық ойындарына» дайындық жүруде. Біліктілік кезеңінің қорытындысы бойынша әскери қызметшілер жоғары кәсіптік дайындық деңгейін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша біздің елімізді халықаралық деңгейде таныстыратын үздік төрт әскери қызметкер іріктеліп алынады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас сержанты Темірбек Халықов.

Айта кетейік, 2018 жылғы 28 шілде мен 11 тамыз аралығында «Арми-2018» IV Армия халықаралық ойындары өтеді. Оның барысында 7 елдің: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай және Ресей елдерінің аумағында 28 халықаралық жарыстар өткізіледі.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"