Жеңіс тұғырынан үміттіміз

 Жеңіс тұғырынан үміттіміз


Өзіндік бағыты мен беделін қалыптастырып үлгерген Армиялық халықаралық ойындар 2015 жылдан бастау алған. Көптің көңілінен шығып, әскери салада мыңнан тұлпар, жүзден кіл жүйріктерді, үздік жауынгерлерді анықтаған халықаралық ойын биыл 32 сайыстан тұрады.

Армиялық халықаралық ойындарының ішінде тартысты, белді де қайсар, мерген әскери қызметшілер бақ сынасатын қызықты сайыстардың бірі – «Танк биатлоны». Аталмыш сайыстың идеясын алғаш рет Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу ойлап тапты.

Әлемдегі танк экипаждарының мұндай сайыстары 1963 пен 1991 жылдар аралығында Батыс Германияда өткен. Танк экипаждарының алғашқы халықаралық жарысы 2015 жылы Мәскеудегі Алабино полигонында өтті. Бұл сайыста Ресей, Қазақстан, Армения және Беларусь елдерінің үздік командалары бақ сынасты. Ал, 2014 жылы чемпионатқа қатысу үшін танкішілерге жауынгерлік машинаны меңгеру шеберлігін ғана емес, сонымен бірге, дәлдеп оқ ату машығын көрсету, дене даярлығы бойынша нормативтер тапсыру тіпті, әскери тарих бойынша сұрақтарға жауап беру қажет болды. Бұл дегеніміз жыл өткен сайын Армиялық халықаралық ойындарына қатысуға деген сұраныстың артуы мен сайыстардың өзіндік даму жолындағы жаңа бір сатыларға көтерілуін білдіреді.

Армиялық халықаралық ойындар тек әскерилеріміздің жауынгерлік әзірлігін паш етіп қана қоймай, өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінен тәжірибе алмасудың жарқын көрінісі болып табылады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндей келе, қандай жағдай орын алса да әскеріміздің айбыны мұқалмай, алдағы сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінеді деп кәміл сенеміз.

 

Лейтенант Қуаныш ӘЛІБЕКОВ

ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаменті


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи