Жекелеген радиолокациялық роталардың командирлері өздерінің біліктіліктерін арттырды

Қазақстан Қарулы Күштері Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығы базасында жекелеген радиолокациялық роталардың командирлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

Курстың негізгі мақсаты командирлердің дайындықтарының кәсіби деңгейін арттыру, ӘШҚҚ күшімен жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқарудың озық тәжірибесін біріктіру және енгізу болып табылады. Сабақтар тактикалық дайындық, моральдық-психологиялық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскерлердің күнделікті қызметін басқару және оқытудың заманауи жүйелерін қолдана отырып, оқ ату даярлығы бойынша өткізілді. ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ бригадасының жекелеген радиолокациялық батальонының базасында жекелеген радиолокациялық роталардың командирлері автоматтандырылған режімде іс жүзінде әуе жағдайы туралы ақпаратты алу және беру бойынша тапсырмаларды пысықтады.
Оқыту кезінде алған командирлердің теориялық білімдері мен практикалық машықтары оларға күнделікті қызметте сәтті қолдануға мүмкіндік беретінін айта кету қажет. Курс аяқталысымен үйренушілерге тиісті сертификаттар тапсырылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"