Дене шынықтырудан сынақ тапсырды

99116 әскери бөлімінің жеке құрамы ҚР ҚК орталық армия спорт клубына дене шынықтырудан сынақ тапсырды. Оған 99116 әскери бөлімінің басқармасы, 1 барлау ротасы және
1 арнайы мақсаттағы барлау роталары тартылды.

 Олар 100 метрге және 3,5 мың километрге жүгіру және жас ерекшеліктеріне қарай турникке тартылды. Әскери қызметшілердің ерік – жігері және үнемі дене шынықтырумен айналысудың арқасында әскери бөлім жеке құрамы барлық жаттығу түрлерінен өте жақсы деген баға алды. Комиссия төрағасы запастағы подполковник Мұрат Манханов әскери бөлімнің дене дайындығына, жеке құрамның талпынысына ризашылығын жасырмады. 

Бөлім командирінің жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Темірхан Джайлимисов өз кезегінде: «Біз осымен екінші рет орталық армия спорт клубына дене шынықтырудан сынақты өте жақсы деген бағаға тапсырған санаулы әскери бөлімдер қатарындамыз және бұл соңғы жетістігіміз емес. Алдағы уақытта да жауынгерлік дайындықтан кез-келген сынақты еш қиындықсыз бағындырамыз» деп, жеке құрамды одан әрі жігерлендірді. 

 Әскери бөлім дене шынықтыру сынағынан бөлек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері арасында өтіп жатқан «Дене шынықтырумен спорттық жұмысты жоғары ұйымдастыру және оқу-материалдық базасын қалыпты деңгейде сақтау» атты байқауына қатысып отыр. Айта кетерлік жайт, орталық армия спорт клубына «Батыс» өңірлік қолбасшығына қарасты барлық әскери бөлімдердің арасынан тек, 99116 әскери бөлімі ғана дене шынықтырудан сынақты тапсырып және жоғарыда айтылған байқауға қатысып отыр. Жалпы қорыта келгенде, 99116 әскери бөлімі осы сынақ қорытындысы бойынша өте жақсы баға алды. Ал байқау қортындысының нәтежиелері комиссия төрағасының айтуы бойынша алдағы уақытта бегілі болмақ.

Капитан Әлібаев Мейрамбек 

99116 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"