Бөлімде тал-шыбықтар отырғызылды

Халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған.

Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді. Атап айтқанда, орман екпелерiнiң бiр гектары ауадан күкiрт қышқыл газын, хлоридтi және фторидтi, жерге түсетiн және ауада болатын барлық зиянды заттардың 60-80 пайызын жұта алады.

         Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.

         Әскери бөлім командирі подполковник Талғат Кусаиновтың тапсырмасымен бөлім аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде. Жуырда әскери бөліміміздің ауласына сонымен қатар ерлік ескерткіші маңына тал-шыбықтар отырғызу іс-шарасы өткізілді.

         Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, әскери бөліміміздің ажарлы болуына үлес қосу бөлім әскери қызметшілерінің азаматтық парызы.

        

Подполковник Мұрат НҰРЖІГІТОВ

Штаб бастығы - 48386 әскери бөлім

командирінің орынбасары

 

        

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"