«Эдельвейс» оқу орталығында Қазақстан және Қырғыз Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімешелерімен бірлескен «Ыстық көл – Аңырақай – 2019» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы басталды.
Онда қазақстандық әскери қызметшілер полигонға орналасып және де сап түзеуді жүргізді. Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан 30 әскери қызметшіден құралған арнайы мақсаттағы және бір брондалған топ барды. Оқудың мақсаты – қосалқы жасақтың жауынгерлік дайындығын тексеру, бөлімшенің дайындықтағы жинақылығын және заңсыз қарулы топтарды оқшаулау арнайы операциясы аясында барлау жүргізу. Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері теория және іс жүзінде тау, арнайы-тактикалық және атыс даярлықтарын, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімі мен дағдыларын жетілдіреді.