Айрандай ұйыған ұжым

 Айрандай ұйыған ұжым

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында курсанттар жас буынмен толығып, жаңа оқу жылын бастады. Әдетте әскери оқу орнында жаңа оқу жылын салтанатты түрде ашу дәстүрге айналған.

Аталмыш жиынның ашылуына Мемлекеттік туды көтеру мәртебесі 4 батальон курсанты Алашбеков Асыл Еркінұлына берілді. Сымдай тартылған институт жеке құрамының офицерлері, сержанттары және курсанттары мемлекеттік әнұранды орындағаннан кейін мінбеге сөз сөйлеуге өткен оқу жылының үздіктері шақырылды.

        Құттықтау сөзінде институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы «Институттың жеке құрамы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырған барлық іс-шараларды орындауға жауапкершілікпен атсалысып келеді. Тәуелсіз Мемлекеттер арасында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында 2 дүркін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен Халықаралық олимпиадалары өткізілді. Осы жетістіктердің бәрі біздің ұжымның бірлігінің арқасы. ҚР ҚК күніне орай Гвардейский қалашығында Мемлекет көлемінде өткізілген әскери парадқа институттың есеп тобы сап түзеп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Сонымен қатар «Байланыс жігіттері» КВН командасы «Қазақстан КВН Одағы» ұйымдастырған «Жастар» республикалық фестиваліне қатысып жүлделі орын алды» – деді.

Ербол Алибаев


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи