Әскери-теңіз күштерінің төл мерекесі

 Әскери-теңіз күштерінің төл мерекесі

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері өздерінің 25 жылдығын атап өтті. Жалпы, Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараның, аумақтық тұтастықтың, егемендіктің, Каспйи теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қорғау үшін арналған ҚР Қарулы Күштерінің түрі болып табылады.

Әскери-теңіз күштері 1993 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды, ал 1996 жылғы 17 тамызда Ақтауда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның әскери-теңіз жалауы көтерілді. Корабльде көтерілген әскери-теңіз жалауы корабльдің жауынгерлік туы болып табылады. Бұл күн Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік құрамдасының пайда болуын білдіреді.

Аталмыш оқиғаны әскери теңізшілер ҚР ҚК ӘТК құрамалары мен әскери бөлімдері жеке құрамының жауынгерлік машығы элементтерін паш ете отырып, корабльдердің парадын өткізе отырып, салтанатты түрде атап өтеді. Әскери-теңіз күштерінің барлық бөлімшелерінде мерейтойға арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараларға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шақырылған меймандар қатысты. Бұл атаулы күні үздік әскери қызметшілерге грамоталар табыс етілді. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары ішінде Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өздерінің жауынгерлік машықтарын шыңдауды жалғастырып келеді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"