Әскери қызметшілер өздерінің жауынгерлік даярлықтарын шыңдауда

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 30-дан аса танк экипажы Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында өздерінің оқ ату шеберліктері мен дәлдеп оқ ату шеберліктерін пысықтады.

Оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлықтарын дамыту, олардың штаттық қару-жарақтан оқ ату шеберліктерін жетілдіру, практикалық машықты игеру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастыру болды. Т-72 танк қару-жарағынан штаттық оқ атулар жыл сайын жылына екі рет өткізіледі. Оқ атуларды өткізу барысында танкішілер 1400-1700 метр қашықтықтан 125 мм зеңбіректен танкті, қол танкіге қарсы гранатаатқышты және 300-500 бен 700-900 метр қашықтықтан ПКТ-дан автомобильде серпілмейтін қару сияқты шартты межелерді жоюға тиіс болды. Бұл ретте барлық нысаналар кейбір сәтке ғана пайда болады. Одан басқа, танкішілер танкке жауынгерлік жиынтықты жинау, бөлімше мен танк қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай ауыстыру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады. Оқ ату қорытындылары бойынша танк командирлері ұлан сержанты Арыстан Шакратов пен ұлан ефрейторы Сейітқожа Абдулғазиз үздік нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары сапалы әрі тез барлық тиісті нормативтерді орындап, барлық нысаналарды жоя алды. «Дәл осында полигонда танкіші нағыз кәсіпқойға айналады, себебі, мұндай штаттық жаттығулар әскери қызметшілердің танктің оқ атуының қуаттылығын сезінуге, іс-қимылда жауынгерлік машиналарды көріп, өздерінің жауынгерлік даярлықтарын жақсартуға бағытталған», - деді 25744 әскери бөлімі танк батальонының командирі капитан Сағи Батырханов.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"