Әскери мамандардың кәсіби деңгейі тексерілді


Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінде мамандық бойынша барлық санаттағы 35 000-нан аса әскери қызметшімен дайындық аяқталды.

Негізгі мақсаты жеке құрамның атқарып отырған лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәртібін зерделеу болып табылады. Дайындық барысында жеке құрамның заманауи ұрыс негіздерін, жауынгерлік іс-қимылдар түрлерін, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды білуіне ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер бір ай бойы өзінің штаттық арналымына байланысты әртүрлі құралдарды, қару-жарақты қолдана отырып, күндізгі және түнгі уақытта күрделі жағдайларда әртүрлі тәсілдермен тапсырмаларды орындады.

Бір ай бойы 800-ден аса жауынгерлік оқ ату мен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, авиацияның жалпы ұшып өтуі 1500-ден аса сағатты құрады, бір ұшқыштың орташа ұшып өтуі шамамен 5 сағатты құрады. Бұл кезеңде барлығы 2200-ден аса секіру орындалды, Құрлық әскерлерінде 70-ке жуық далалық жорық жоспарланды, Әскери-теңіз күштері корабльдерінің жүзіп өтуі шамамен 635 сағатты құрады. Мамандық бойынша дайындықтың соңында бақылау сабақтары өткізілді. Ағымдағы жылғы маусым айының жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша өңірлік қолбасшылықтар арасында «Батыс» ӨңҚ, Қарулы Күштер түрлері арасында Құрлық әскерлері жақсы жағынан атап өтілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"