Ел егемендігі – ең үлкен қазына

Тәуелсіздік сөзінің түп мәнінде еркіндік, бостандық сөздерінің бастамасы бар екенін әрбір қазақстандық жақсы түсінеді.
16 желтоқсан – ата бабамыздың аңсаған арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған басты құжат Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.

Тарихты қозғайтын болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі.

         Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма жеті жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татуластығында жатыр. Қазақстан үшін ХХІ ғасыр тарихының парағы парасат пен жетістіктерге толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.

         Мемлекет басшысының көрегендігімен дер кезінде жүзеге асырған саяси экономикалық реформаларының арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Қазақстанда шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды. 2000 жылдың басында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылы Америка тарапынан Қазақстан нарықтық экономикасын қалыптастырып, ел ретінде танылды. Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындағы беделін биіктете түсті.

         Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы-адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты, татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз.

Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды-демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.

Жақында 55652 әскери бөлімінде облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға №43 қалалық мектеп оқушылыры қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

         Тәуелсіздік – ол ұлттық, мемлекеттік, оның тамыры жасампаздық рух, ұраны- ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

         Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тәуелсіздік туын көтеріп, бүгінгі күнге дейін құқықтық мемлекетке жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

         Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықты басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді нығайтып, қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, экономикасын әрі қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлденіп жайнауына, жас ұрпаққа аманат етіп тапсыру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Майор У. ХАМУТОВ

55652 әскери бөлімі (Армия авиациясы) авиациялық эскадрилья командирінің

(тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"