Қазақстан Армия ойындары – 2016 жарысына қатысатын өзге елдердің әскери қызметшілерін қабылдайды

Қазақстан Армия ойындары – 2016 жарысына қатысатын өзге елдердің әскери қызметшілерін қабылдайды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

2016 жылы Қазақстан алғаш рет өзінің аумағында Армия халықаралық ойындары – 2016 жарысына қатысатын өзге елдердің әскери қызметшілерін қабылдайды.

«Ағымдағы жылы республикамыздың аумағында Армия ойындарын өткізу жоспарлануда.  2016 жылғы тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданының «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонының базасында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқаулары өтеді. 1 шілдеде  полигондар, оқу орындары, әскери қызметшілердің тұратын жерлері, яғни, аталмыш байқауды лайықты өткізуіміз үшін барлығы дайын болуына тапсырма берілді», - деді ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы  полковник Тимур Әбішев. Сайыстың өткізілу орнында ирелең жол, мина-жарылғыш қоршау, оба, сірлеу көпірі іспетті кедергілері бар ұзындығы 2 шақырымдық артиллерияшылардың байқауын, сондай-ақ мергендік винтовкадан, тапаншадан оқ ату және граната лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы мен шебінің элементтері бар мергендер байқауын өткізу үшін  тас жол салу жоспарланған. «Бірінші кезекте мұндай іс-шаралар мен жалпы халықаралық әскери жарыстар халықаралық ынтымақтастықтың нығайып, беки түсуіне ықпал етеді», - деп полковник Тимур Әбішев сөзін жалғады. Бүгінгі күні 7 елдің, яғни, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей Федерациясы, Қытай және Қазақстанның әскери қызметшілері өздерінің қатысатынын растады. Өткен жылы тұңғыш Армия халықаралық ойындары – 2015 додасы өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. ҚР Қарулы Күштерініің әскери қызметшілері  үш байқауға қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша олар «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орынды еншілесе, «Танк биатлонында» төртінші орынды қанжығалады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи