Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы

Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы

Ешкім іштен батыр болып тумайды:
батырлық та, мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Б. Момышұлы

Азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі – ол әскери-патриоттық тәрбие. Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Әскери-патриоттық тәрбие мақсаты – азаматтардың отансүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын ояту, Қазақстан халқының достығын сақтау мақсатында қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.
Әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін, көзқарасын қалыптастыруға болады. Білім беру ошағында патриоттық тәрбие беру, Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызуға бағыттайды. Патриоттық тәрбиенің танымдары – жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың үлгі боларлық мінездерін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жастардың дүние танымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда оқу орындары шешуші рөл атқарады.
Жастардың аға ұрпақтың лайықты мұрагері болуы үшін, батырларымыздың Отанды қорғау жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіріп отыруымыз қажет. Сол арқылы әрбір жас ұрпақ еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі керек. Отансүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасынан басталады. Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру міндеті, олардың Отанды қорғауға ұдайы әзір болуы, моральдық-психологиялық жағынан даярлау – ол әрбір ұстаз, әрбір жетекші-басшы, әрбір әскер басылар тапсырмасында жаңғырып тұруы тиіс.

ХХІ ғасыр – жаһандану кезеңі. Осы дүниежүзілік үрдісте кей елдің мәдениеті басқа елге үлгі  болуда. Әр ел бұл үрдіске өз бетінше қамқор болуда. Мысалы, Жапон елі өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ділі мен дінін жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттік дәрежеде қорғауда.
Қазақ елі жаһандану үрдісіне сіңіп кетпей, біз де өзіміздің мәдениетіміз, тарихымыз, салт-дәстүріміз, діліміз бен дінімізді қорғап, оларды өркендету үшін күресуіміз керек.
Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек..
Өз халқының ұрпағын патриот етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары деңгейде болған. Ата-бабаларымыз кең байтақ далада мекен еткен де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым болған. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, ізденумен, құлшыныспен, талпынумен бітеді.
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы мынадай өсиет қалдырған: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.
«Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз –  Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуі. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай - тоздырмай қазіргі сауда - саттықтың, алдау - арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек», - дейді Елбасы.
Қазақстандық патриотизм арқылы Отанға қызмет, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді жасұрпақ бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден алыстамайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз – ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді деген ұтымды ойлары.
Қазақстанда тұратын әрбір азамат ұлтына қарамастан Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімінің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады.
Қазіргі жастарға патриотизм тән бе? Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы жастар үлесіне көп септігін тигізіп отыр. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан, әрқайсының туған жеріне деген сүйіспеншілігі, ол жердің тарихын білудегі ұмтылысынан аңғаруға болады. Қорыта келе, қазақстандық патриотизм –  бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ батырлар дәстүрі, ортақ туған жер, ортақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ортақ қазақтың тілі.
«Отан – от басынан басталады» десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолындағы қазіргі мәселелерді шешу үшін тұтастай алғанда тәрбиеге принципті түрде жаңа көзқарас қажет.
Ел бейнесін және Отанымен байланыс сезімін мемлекет пен қоғам, түрлі тетіктер мен институттар, ең алдымен, білім беру арқылы қалыптастырады.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті.
Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан бастау алып, білім ошақтарында жалғасын табады.
Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның ішінде «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің алдында тұрған басты міндет.
Айтарымыз, бүгінгі күні білім ошағындағы ұстаздар ұжымы заманауи талаптарға сәйкес қызмет көрсететін болса, онда болашақта білімді, жігерлі, өз болашағына нық сенімді жас ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына кәміл сенуге болады.

М.Асамиданов., Б.Жұмабеков
Экономика, бизнес және құқық колледжі
Алғашқы әскери дайындық оқытушылары
  Қарағанды қаласы


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана