Ғасырдың техногендік апаты: Чернобыль оқиғасына - 30 жыл

Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр стансасында жарылыс болып, радиациясы көрші мемлекеттерге жетті. Оның салдарынан ондаған адам қаза тапты, кейін мыңдаған тұрғын радиациядан уланып өлді. Өкінішке орай, апат құрбандарының нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.

   Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан кейінгі 8 минутта 4-ші реактордан сыртқа шыққан 140 тонна радиактивті отын ауаға тарады. Ядролық реактордың жалыны 300 метрге көтеріліп, салмағы 1тоннаға жететін темір жабулар әуеге ұшты. Атомның отыны жалғанған 1661 канал ашық аспан астында қалып, атмосфераға араласты. Белоруссияның Гомель мен Могилев, Украинаның Киев пен Житомир және Ресейдің Брянск облыстарының тұрғындары АҚШ-тың Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастаған атом бомбасына тең келетін радиоактивті сәулеге шалдықты. Сондай-ақ, радиоактивті түтін аймақтан асып, оннан астам мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады. Апаттың алғашқы күні-ақ 80 адам қаза болды. Кем дегенде 5 миллион адам зардап шекті. АЭС-тен радиусы 30 шақырым елді-мекенде тұратын халық басқа жерге көшірілді. 4-ші реактордағы өртті ауыздықтау сегіз күнге созылды. Апаттың зардабын жоюға КСРО-ның барлық республикаларынан еріктілермен қатар, арнайы қызмет орындарының өкілдері де жіберілді. Басым бөлігі әскери қызметкерлер болды. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылды. Чернобыль атом электр стансасының зардаптарын жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Химиялық қорғау полкінің құрамында шамамен 32 мың қазақстандық болды. Оның 180-нен астамы Семей қаласында тұрады.

   Людмила Ершова, инженер-радиохимик: «Стансаның аумағында адам  10 бэрлік доза алуға міндетті» деген бұйрық болды. Бэр – рентген сәулесінің биологиялық эквиваленті. Өзіңіз ойлап көріңізші, ЧАЭС-тің жері де, суы да, ауасы да, бәрі-бәрі рентген. Ауаға тарап кеткен уран мен плутоний, йод пен цезий, стронций изотоптары... Мәселен, йод-131-дің жартылай ыдырауы 8 күнге созылады. Сол сегіз күннің ішінде ауадағы химиялық элемент даланы қоңыр түске бояп, күйдіріп жібереді. Ал, цезий-134-тің жартылай ыдырауы екі жылға созылады. Цезий-137-нің элементі 17 мен 30 жылдың ішінде жартылай ыдыраса, стронций-90 28 жылға жетеді. Адам өміріне қауіп төндірген де осылар. Қысқасын айтқанда, бұл апат соғыс секілді болды. Оның кесірінен Украина мен Белоруссия ғана емес, көптеген мемлекет зардап шекті. Атом электр стансасының 30 шақырымға жуық аумағын зерттеу барысында өлшеуіш құралдар дың көрсеткіші жүздеген есеге асып түсіп жатты. Топырақтың немесе судың құрамы өлшеуге мүлдем келмеді. Сынақ полигонының территориясында мұндай көрсеткіштер ешқашан болмаған шығар».

   Қайырхан Ғимранұлы, Абай ауданы Қарауыл селосының тұрғыны: «Чернобыль атом электр стансасындағы апатты ауыздықтауға жасы 25-45 аралығындағы, отбасын құрған, екі баласы бар адамдар алынды. Дегенмен әскер борышын өтеуші жас жігіттер де ортамызда болды. Арнайы кіруге рұқсатты куәландыратын құжат, арнайы киім-кешек, ағзаға түскен сәулені өлшейтін қарындаш берілді. Күнделікті жұмыс 5-10 минут аралығында жүйелі түрде жүргізілді. Жұмыс аяқталысымен міндетті түрде денсаулығымыз тексерілді. Минералды су ғана ішіп, талон бойынша тамақтандық. Әскери қалашықта, палаткаларда, теміржол вагондарында да тұрдық. Қазір үшінші топ мүгедегімін. Арнайы өтемақы алып отырмын. Атом электр стансасындағы зардапты бірден жою үшін ең алдымен Жапонияның озық үлгідегі роботтары жіберілген еді, алайда оның жүйесі бірден істен шықты. Алғашқы уақытта стансадағы апат туралы ақпараттың жарияланбай, жасырылғаны рас. Көп адамның ажал құшқаны да сол себептен. Бүгінгі күні Чернобыль атом электр стансасының зардаптарын жоюға қатысқандардың 70-80 пайызы жоқ бұл өмірде. 1986 жылы Семейден 800 адам барған едік, қазір көзі тірі қалғаны 180-нен асады. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді қазақ. Өткенге тағзым ету –парыз».

   Чернобыль АЭС-дағы жарылыс – келтірген залалы мен салдары жағынан XX ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1995 жылы жасаған есебі бойынша, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан 9 миллион адам зардап шекті. Оның 4 миллионы 14 жасқа дейінгі балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы радиоактивті элементтің құрамында адам ағзасында қатерлі ісік ауруларын тудыратын цезий – 143, йод –131 түзілімдері болғанын анықтап отыр. Радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене беретінін, одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппағанын, әрі ми, жыныс без­дері, аш ішек, сілекейлі жер, тамыр жүйесі, ағзаның эн­до­криндік мү­шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе­йім екенін де алға тартады. Бүгінгі күні радиацияның деңгейі төмендеді. Алайда, қорғаныс шаралары сол қалпында сақталған.

   Семейдегі балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Чернобыль атом электр стансасының зардаптарын жоюға қатысқандарға арналған мұражай бар. Ол 1986-1990 жылдар аралығында Чернобыль атом электр стансасының зардаптарын жоюға қатысып, дүниеден озғандарды есте сақтау мақсатында ашылған еді. Еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз мұражайға Александр Шевченко, Вячеслав Протоков, Евгений Сухов секілді суретшілердің  картиналары, Чернобыль қоғамының мүшелері жинақтаған 200-ден астам фотосурет пен орден-медальдар қойылған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"