Әскери спортшылардың Риодағы әуселесі

Биылғы Олимпиада ойындарына еліміздің құрама құрамында ҚР ҚМ Орталық Армия спорт клубының он спортшысы қатысқаны бәрімізге мәлім. Сол саңлақтардың арасында дүйім жұртты күйіндірген де, сүйіндіргендер де болды.

Бір үміт...

Бұл жолғы бәсекеге елімізден толық құрамда барғандар боксшыларымыз болатын. Біздің бір өзімізден үкілеп қосқан үміткерлеріміз: аға сержант Біржан Жақыпов, ефрейтор Қайрат Ералиев пен ҚР ҚК қызметкері Жәнібек Әлімханұлы еді.

Былғары қолғап түйістіруде ширек финалдан әріге аспаған Біржаннан үмітіміз үзілсе де Жәнібекке көп үміт артқан едік. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рио шаршы алаңында ол алғашқы раундтан-ақ көзге көрінді. Оның басымдылығын өз кезегінде төрешілер де мойындады. Осылайша, ширек финалға шыққан 75 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фаулерді 3:0 (30:27, 30:26, 30:26) есебімен еркін ұтты. ІІ раундта отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсірді. Осы ойын жайында кейіннен БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ол: «Жекпе-жекті ерте аяқтауыма мүмкіндік болды. Алайда бапкерлер үш раундты толық өткізіп шыққанымды дұрыс көрді. Алғашқы раундта бір ыңғайсыз соққы өткізіп алғаным болмаса, жеңіске жету қиындық тудыра қойған жоқ, - деген-ді.
Жігері жасымаған Жәнібекке осыдан кейін көбіміз тілеулес болдық. Жүлдесіз қалмасына сендік. Содан да болар, ол әзірбайжандық боксшымен қолғап түйістіргенде «дымымыз» ішімізде болды. Алғашқы екі кезеңде барлық жанкүйерлерді сүйсінткен Жәнібек үшінші айналымда адам танымастай өзгерді. Сылбыр қимылдаған қазақ боксшысы тек үшінші раундта ғана ширақтық танытты. Бірақ бұл жеңіс үшін тым кеш еді.Төреші әзірбайжандық Камран Шахсуварлының қолын көтергенде кәдімгідей ала көңіліміз сап тиылды. Осылайша, жанкүйерлер Жәнібекке үлкен үміт артқанмен, айтарлықтай атақ-дәрежесі жоқ боксшыдан жеңіліп қалды. Айта кетерлігі, жерлесімізді ұтқан өз жерлесіміз (Камран Ақтөбе қаласында дүниеге келген) еді.

 

Бір өкініш...

Жәнібектен басқа Олимпиада ойындарының 1/16 финалында 56 келіге дейінгі салмақтағы ефрейтор Қайрат Ералиев те өнер көрсетті. Ол шаршы алаңда 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевпен қолғап түйістіріп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жек те жанкүйерлердің көзінен таса қалмады. Әсіресе, Қайраттың соңғы раундта көрсеткен өнеріне көпшілік тәнті болды. Өйткені қорғану кезінде Ералиев ерекше тактика қолданды. Қарсыласы қанша соққы бағыттаса да, тигізе  алмады. Жұрт Ералиевтің қорғанысын Мұхаммед Әлидің стиліне ұқсатты. Танымал боксшының жұдырықтасу тәсілін қолданған Қайрат кейін өзбек Муроджон Ахмадалиевтің қарсыласы болды. Бізді «әттеген-ай...» дегізген ойын осы еді. Ел намысын қорғаған Ералиевті төрешілердің аяқтан шалғаны анық байқалды. Қайрат қарсыласын қанша жұдырықтағанмен, ұпай санынан өзбекстандық былғары қолғап шеберінен кем түсті. Осылайша, ала шапанды ағайындардың жолы болды. Осы жекпе-жек хақында жерлесіміз: «Мен  негізі жеңілген жоқпын. Қарсыласымнан артық жұдырықтаспасам, кем болған жоқ. Оның соққыларының барлығы менің қорғанысымнан өте алмады. Ал мен көптеген соққыларымды дөп тигіздім деп нық сеніммен айта аламын. Мені төрешілер аяғымнан шалды», деді.

Әрине, бұл әділетсіздік тек спортшының жанына ғана батқан жоқ. Бұған көппен бірге, еліміздің  Мəдениет жəне спорт министрі де күйінді. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Қайрат Ералиевке қатысты айтар болсам, шыны керек, өте өкінішті. Өзбек жігітімен шықты ғой. Жеңілісіне ішің күйеді… Жалпы Ералиев мінсіз. Кейбіреулер секілді агрессивті емес. Əрине, оның жеңіліске тап болғаны, өкінішті-ақ»,- деді.

 

Бір қуаныш...

 

Бірақ, жеңіл атлетші капитан Ольга Рыпаковаға сеніміміз сейілмеді. Өйткені ол Олимпиадада үш басып секіру сайысында бірінші (14,10) және екінші (14,39) мүмкіндігінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп, бірден финалға мүмкіндік алған болатын. Сөйтіп, 15-тамызда таң алаукеуімнен теледидарға телмірдік. Ақтық сайыста үш мәрте секіруде Ольга өзінің мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Оның үздік нәтижесі – 14,74 метр. Ол осы кезеңде көш бастап тұр еді. Алайда, 15,17 метрге секірген колумбиялық Катрин Ибаргуэн Қазақстан атлетін екінші орынға сырғытса, Венесуэла қызы Юлимар Рохастың 14,98 метр нәтижесінен кейін Рыпакова үшінші орынға тұрақтады. Сонда да, біз көптен күткен қола медальға қол жеткіздік. Әрине, үкілеп жіберген он армияшы спортшылардың арасынан сенімімізге селкеу түсірмеген капитан қызға қуана қол соқтық. Қошеметте шек жоқ.

Сөйтіп, жеңіл атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рио-де-Жанейродан да жүлдесіз қайтпады. Оның алған қола жүлдесі Қазақстан қоржынын сегізінші медальға толықтырды. Оған дейін спортшыларымыз 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған болатын. Рио Олимпиадасында Қазақстанның спортшысы, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының капитаны Ольга Рыпакова осылайша еліміздің мәртебесін асқақтатты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"