Офицерлердің біліктілігі әскердің әлеуетін арттырады

Офицерлердің біліктілігі әскердің әлеуетін арттырады

Аттестация – офицердің әлеуетін анықтауға, оның қызметтік іс-қимыл барысында мансаптық өсуін және одан әрі пайдалану перспективаларын зерделеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Ол «attestatio» деген латын сөзінен шыққан, бұл «айғақ» деген мағынаны білдіреді.

Әлқисса

1911 жылғы әскери энциклопедияда аттестация деп «бастықтың белгіленген қажетті ережелер мен нысандылықты сақтай отырып, мазмұндалған бағыныстысының қасиеттері туралы пікірі» ұғылған.

Ал, қазіргі түсінік бойынша аттестация – бұл офицердің жауынгерлік, іскерлік, кәсіби қабілеттерін және жеке қасиеттерін көрсету нәтижелерін бағалау, сондай-ақ, оларды әскери қызметтің әртүрлі кезеңдерінен өту кезінде ескеру. Офицерлік аттестациялар офицердің мансабында маңызды рөл атқарады, себебі бұл оның жеке басының абыройы мен кемшіліктерін ресми түрде тану болып табылады.

 

Кезінде...

Әскери қызметшілерді аттестаттау тарихына үңілсек,  кезінде І Петрдің 1719 жылғы жарлығына сәйкес унтер-офицерден офицер, капитандардан штаб-офицер жасау бөлімнің барлық офицерлері қатысатын, олардың ішінен үздіктерін таңдау мүмкіндігін беретін дауысқа салудан (кандидаттар сайлауынан) басталған екен. Соның барысында офицерлік бос лауазымдық орынға (егер рота немесе батальон командирінің лауазымы босаса) кім отыратыны туралы ашық әңгіме жүргізілген, бірақ соңғы шешім құпия дауыс беруден кейін қабылданған.

Сол кезеңдерде (1838 ж.,1859 ж.,1869 ж.) әскери қаулылар жинағында аттестаттаудың сантүрлі ережелері мен нұсқаулары болған екен. Мысалы, 1869 жылдан бастап формуляр офицердің қызметтік тізімінен мәліметтер ұсынылған аттестациялық тізімдермен және бөлім командирінің өзі толтыратын, өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанғысыз деген офицерді бағалаудың төрт дәрежесі бар аттестациямен алмастырылыпты.

Ал, бертіндегі кеңес өкіметі кезінде қызыл армияның командалық құрамын аттестаттаудың алғашқы қадамы Әскери істер жөніндегі халықтық комиссариаттың 1918 жылғы 5 сәуірдегі № 268 бұйрығына сәйкес Халықтық комиссариат жанында арнайы аттестаттау комиссиясын құруынан бастау алған. Оның міндетіне әскери ведомствоға жұмыс істеуге шақырылған адамдардың тізімдерін жасау және мәліметтерді дайындау кірді. Әрбір қалаған адам халықтық комиссариатқа осы немесе басқа кандидатқа қатысты өзінің ескертулерін хабарлай алуы үшін тізімдер басылым беттерінде шығарылып отыруға тиісті болды. Офицерлерді аттестаттау үшін 1918 жылғы мамырда Кеңес Одағының болашақ Маршалы, ескі армияның бұрынғы полковнигі А.И. Егоров бастаған Жоғары аттестаттау комиссиясы құрылды. Кең жариялылық пен кандидатураларды талқылауға негізделген жасақтаудың осындай тәртібі әскери басшылық посттарға тағайындалатын адамдарды жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бейім болды.

 

Бүгінде...

 Егемендігі бекем, қорғанысы мығым, дербес әскері бар Қазақстанның әскери қызметшілері әрдайым біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттырып келеді. Өйткені, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскерилерден қашанда темірдей тәртіп, заманауи техниканы мінсіз меңгеру және ұдайы ұрысқа дайын болуды талап етіп келеді. Сондықтан да бүгінде еліміздің осы саласында офицерлер құрамы үш жылда бір рет аттестаттаудан өтіп, талаптарға сай кәсіби әлеуетін жоғарылатуда.

Жалпы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді аттестаттау тәртібі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларымен» реттелген. Қағидалардың 27-бабына сәйкес, әскери қызметшілерді аттестаттау әскери қызметшілердің қызметтік іс-әрекетін, іскери құзыреттілігін, сондай-ақ, ұтымды пайдалануды және кәсіби әлеуетін дамытуды жан-жақты және объективті бағалау мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі уақытта офицерлерді аттестаттау – бұл дене дайындығы бойынша қорытынды сабақтарды өткізуден, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуін анықтау үшін тестілеу жүргізуден, офицердің атқаратын функциясында маңызды болып табылатын жеке басының бір немесе бірнеше қасиетін сандық бағалауға бағытталған психологиялық тестілеу жүргізуден, аттестациялар жасаудан және әскери бөлім аттестаттау комиссияларының отырыстарында қараудан тұрады. Бір ауыз сөзбен, аттестаттауды офицерлер құрамын жан-жақты және объективті бағалау жөніндегі іс-шаралар кешені деп айтуға болады.

 

Айғақ

Былтыр Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Қарулы Күштерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының жоспарлы аттестаттауы өткізілді.

2012 жылғы аттестаттауды өткізу кезінде жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, сондай-ақ, аттестаттауды өткізу барысын анағұрлым тиімді бақылау үшін кейбір жаңа ережелер енгізілді.

Сонымен, санаттар бойынша аттестаттауды қараудың нақты мерзімдерін белгілеумен аттестаттауды өткізу кезеңдерге бөлінген болатын. Көрсетілген жаңа енгізілме аттестаттауды өткізу және ұйымдастыруда оң мәнге ие болды.

Аттестаттауды өткізу кезінде ҚР ҚМ Кадрлар департаменті аттестация барысын үнемі бақылап отырды. Департамент өкілдерінің шығуымен осы маңызды іс-шараны сапалы ұйымдастыру және өткізу мәселелері тексерілді. Сол жерде құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлеріне, сондай-ақ, кадрлар органдарына тәжірибелік көмек көрсетілді.

Өткізілген аттестаттаудың басты критерийі әр офицердің қабілетін бағалау, қолбасшылықтың, оның одан арғы қызметтік жағдайын, мансап бойынша және кәсіби өсу перспективаларын анықтау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылды.

 

Сонымен...

 ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр 2015 жылғы 12 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейінгі кезеңде 100 пайыз офицер аттестатталды. (бұрынғы 2012 жылғы аттестаттауды өткізу барысымен салыстырғанда 8%-ға аз офицер тартылған).

Сонымен, аттестатталған офицерлердің жалпы санынан ұсынылғаны:

- жоғары лауазымдарға жоғарылату үшін 30,3% офицер (2012 ж. – 36,2%);

- оқуға жіберу үшін 21,8% офицер (2012 ж. – 21,8%).

Моральдық-іскерлік және кәсіби қасиеттерін ескере отырып, қызметтік іс-әрекетінің қорытындылары бойынша атқаратын лауазымдарына сәйкес емес деп аттестатталғаны 359 офицер (2012 ж. – 264 офицер), оның ішінде:

- жоғарыдан төмен лауазымдарға орын ауыстыруға ұсынылғаны 264 офицер (2012 ж. – 175);

- қызметіне сәйкес келмеуі бойынша запасқа шығаруға (теріс себептермен) 95 офицер (2012 ж. – 89).

Ағымдағы жылы өткізілген аттестаттау туралы статистикалық мәліметтердің талдауы 2012 жылмен салыстырғанда, командирлер мен бастықтардың бағынысты офицерлерді жан-жақты зерделеуге және болашақта олардың арасынан үздіктерін жоғары лауазымдарға жоғарылатуға немесе оқуға жіберуге лайықтыларын объективті анықтауға мақсатты қызмет атқарғанын көрсетті. Осылайша, егер 2012 жылы аттестатталған офицерлердің жалпы санынан жоғары лауазымдарға жоғарылату үшін 4 735 аттестатталған болса, 2015 жылы  – 4 294.

Жалпы алғанда, офицерлер құрамын жоспарлы аттестаттауда қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Әлемде офицерлер корпусын бағалаудың әртүрлі әдістері бар, офицерді анағұрлым толық әрі сапалы бағалауға мүмкіндік беретін неғұрлым үздік кадрлық технологияларды енгізу үшін Қорғаныс министрлігі оларды зерделеу жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.

Офицерлер корпусын бағалаудағы жаңа көзқарастарды енгізу мақсатында, өткізілетін аттестаттау барысында жеке құрамды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу шеңберінде 4 әскери бөлімнің (27943, 32363, 97617 және 55652) базасында офицерлер құрамын бағалаудың енгізілетін жүйесі (рейтинг жүйесі) тәжірибелік сынақтан өткізілді.

Рейтингілік бағалау жүйесін апробациялау ойдағыдай өткізілді, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Рейтинг әрбір офицердің жеке қасиеттерін және қабілеттіліктерін, қызметтік іс-әрекеттерінің нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді, қызметтік міндеттерін орындау мотивациясын арттырады, офицердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жалпы көрінісін алуға мүмкіндік береді, бағалау парақтарын толтыруға барлық дәрежедегі командирлердің жеке-дара қатысуын қамтамасыз етеді.

Барлығы рейтинг жүйесімен бағалауға 804 офицер қатыстырылды. Көрсетілген офицерлер санатының бағалау парақтарындағы баллдарды санау екі арнайы сканерлеу құрылғысымен жүргізілді.

Баллдарды автоматтандырылған жүйенің 0.00-ден бастап 100.00 балл диапазонында жүздік үлеске дейінгі нақтылықпен есептейтінін ескере отырып, нәтижелердің талдауы осы кезеңдегі рейтинг баллдарының 5 бастапқы мағынасын бөлуге мүмкіндік береді:

1) өте жақсы (орташадан жоғары)          – 90.01-100.00 балл (14,5 %);

2) жақсы (орташа)                                    – 70.01-90.00 балл (58,5 %);

3) қанағаттанарлық (орташадан төмен) – 60.01-70.00 балл (16,4 %);

4) қауіпті топта                                          – 50.01-60.00 балл (7,5 %);

5) қанағаттанарлықсыз                            – 50.01 баллдан аз (3,1 %).

Сынақ нәтижелерінің негізінде командирлердің (бастықтардың) бағалау парақтарын толтыру тәртібін ықшамдау, автоматтандырылған жүйенің қателерін жою мақсатында бағалау парақтарының бланкін техникалық орындауды жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Қарулы Күштерді офицерлер кадрларымен жасақтау жөнінде жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыс бұл көрсеткішті айтарлықтау жоғарылатуға мүмкіндік берді. Жақын арадағы перспективада жасақталуды жоғары деңгейде ұстап тұрып, сапалық құрамды арттыруға қол жеткізу жоспарлануда. Оқуға, біліктілігін жоғарылатуға және жиындық іс-шаралар өткізуге жіберу кезіндегі жоспарлылықтың арқасында оқыту және кәсіби өсудің тұрақты процесі жүргізіліп отырады.

Осы уақытта әскери оқу орындары Қарулы Күштердің офицер кадрларына сұранысын іс жүзінде толығымен толықтырады. Шет мемлекеттердің оқу орындарында оқыту, негізінен, біздің елде дайындау экономикалық тұрғыдан тиімсіз мамандықтар бойынша жүргізіледі. Сонымен, бүгінгі күні 380-нен астам курсант пен офицер Ресей Федерациясының, АҚШ, Түркияның, Белоруссияның, Украинаның, Үндістанның, Кореяның, Германияның және Қытайдың оқу орындарында оқуда.

Көрсетілген барлық іс-шаралар офицерлер корпусының сапасын жоғарылатуға және біздің Қазақстанның қорғану қабілетін арттыруға бағытталған.

Мақала ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің мәліметі негізінде дайындалды


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"