Жауынгерлік жаттығу армия қуатын айқындайды

Жыл басы жауынгерлер үшін «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» деген ұранмен басталды. Дәл осы жылы әскерилердің жауынгерлік әзірлігіне аса ден қойылмақ. Себебі, өткен жылы әскерилердің жауынгерлік әлеуеті 1,5 есеге артқан болатын. Бұл әрине, осы бағыттағы жұмыстарға айрықша ден қойылып, ұйымдастырылған шаралардың көрсеткішін жақсартқандықтың жемісі. Биыл Қорғаныс министрлігі осы үрдістен айнымай, оқу-жаттығуды еселеумен қатар, сапалық деңгейін анағұрлым арттыруды көздеп отыр. Сондықтан үстіміздегі жылы әскери оқу-жаттығу алаңдарында халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстар өткізілу жоспарлануда. Алда болатын оқу-жаттығулар мен сайыстар жөнінде ҚР ҚМ Жауынгерлік департаменті мамандарынан сұрап, білген едік. Сол жайында аз-кем әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.

 Өткен жыл 

         Өткен жылы ауыз толтырып айтар маңызды оқиғаларға толы болды. Әсіресе, сардарлардың оқу-жаттығуларына, халықаралық сайыстарға қатысудағы дайындықтарына аса ден қойылды. Мәселен, 2015 оқу жылында 3 600-ден аса оқу-жаттығу өтті. Оның ішінде әртүрлі қарудан 21 000-нан аса практикалық оқ атулар өткізілгенін айта кеткен жөн.

Әуе кемелеріндегі ұшып өту уақыты 16 000-нан аса сағатты құраған. Ал, 2014 жылы 14 000-нан астам сағаттан тұрған. Осы көрсеткіштер арқылы ұшу уақытының артқандығын аңғаруға болады. Корабльді жауынгерлік оқу-жаттығуларды орындау 380-нен аса  сағатқа жеткен. Ал, әскерлердің далалық шығуын пысықтау 680-нен аса сағатты құрады. Мұның бәрі ұдайы жүргізілген жаттығулардың нәтижесі екенін айта кеткен жөн.

 

Жыл басындағы жауынгерлік даярлықтар

Жыл басында Қарулы Күштерімізге арналған ауқымы кең жауынгелік дабыл қағылды. 40 мыңнан астам әскери жұмылдырылған бұл жауынгерлік даярлыққа Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты барлық әскери бөлім қызметкерлері, өңірлік қолбасшылық әскерлері белгі берілісімен көтерілді. Жауынгерлік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері келтірілді.

Бұдан бөлек, Құрлық әскерлерінің әскерилері алғашқы оқ атуларын Макаров тапаншасымен орындады. Әскери міндеттілер қысқы полигонда күндізгі және түнгі атыстарын жүзеге асырып үлгерді. 

Ал, Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері жауынгерлік жоспарға сәйкес командирлік ұшуларын өткізді. Бұған қоса, ұшу даярлығының түрлері бойынша сабақтар жүргізілді. Ұшу құрамының білімі тексеріліп, дайындығы сыналды.

Әскери-теңіз күштерінде де жауынгерлік даярлыққа белсене кірісті. Биыл корабльдер арсеналы жаңа жауынгерлік бірлікпен толығады деп күтілуде. Бұл әскери-теңіз күштері үшін ең басты әрі маңызды оқиғасы болмақ. 

 

Негізгі басымдықтар

ҚР Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың негізгі мынадай бағыттарына мән беруді тапсырды.  Біріншіден, жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру. Одан кейін, әскери қызметшілердің классикалық жауынгерлік іс-қимылдарына ден қою. Ондағы таулы және елді мекендердегі қорғаныс, шабуылдау, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, тау ішінде  жаяу жүріс марштарын жасау, қыста шаңғы тебуге, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларда шыңдала түсу қажеттілігі белгіленген.

Сержанттар құрамын даярлау да басты міндеттердің бірі боп саналады.

Құрлық әскерлері жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін әрі қарай арттырып, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын жақсартып, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуы қажет. Әуе қорғанысы күштеріндегі әскерилердің кәсібилігін, күндіз және түнде, қарапайым және күрделі жағдайларда ұшу шеберлігін жетілдіріп және әуе ұрысын жүргізіп отыруы тиіс. Әскери-теңіз күштері жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастырып және өзге де өздеріне тиесілі міндеттерді орындауы тиіс. Бұл ағымдағы жылдың әскер түрлеріне жүктелген міндет.

 

Оқу-жаттығулар мен сайыстар

Жауынгерлік даярлықтың нәтижесін ағымдағы жылы өтетін түрлі оқу-жаттығулар мен халықаралық сайыстардан байқап, бағасын беруге болады. Биыл Қазақстан Қарулы Күштері командалары «АрМИ-2016» армиялық халықаралық ойнына қатысады. Ойынның  «Мергендік шеп» және «Артиллериялық атыс шеберлері» деп аталатын сайыстары Қазақстанның әскери полигоны аумағында өтпек. Халықаралық ынтымақтастықпен өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны», «Жауынгерлік ынтымақтастық» сияқты бірлескен оқу жаттығулар өтеді. Өткен жылы Ресей Федерациясының Псков қаласында өткен (2014 жылы Қазақстанда өтті) «Өзара іс-қимыл-2015» бірлескен оқу-жаттығуында қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді. Алматы қаласындағы «Іле» оқу-жаттығу алаңында өткен «Дала қыраны - 2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуында да қазақстандық әскерилер жақсы нәтиже көрсетті. Өткен жылы «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуы Армения Республикасының Армавир облысындағы «Баграмян» полигонында өтті. Жалпы, аталмыш оқу-жаттығу 2012 жылдан бастап жыл сайын өтіп тұрады. Алғаш рет Қазақстанда өткен болатын. Өткен жылы «Достастық жауынгері» халықаралық байқауында қазақстандық әскерилер үздік атанған болатын. Ал, «Достастық жауынгері» бас аталымын сержант Орынбек Сәндібеков жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазақстандық әскерилер халықаралық 21 сайысқа қатысады. Оның екеуі Қазақстан аумағында өтеді. Сайысқа қатысуға  46 мемлекеттің әскерилері шақырылған.

          Биылғы жылы өтетін ірі оқу жаттығулар ішінен Құрлық әскерлерінің құрамында "Айбалта-2016" жедел тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын, сондай-ақ, Әуе қорғанысы күштеріндегі "Ашық аспанды" (Чистое небо) айтуға болады.

Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштерінде оқу-жаттығулыр мен курстық тапсырмалар орындалатын болады. 

Армения Республикасының Армавир облысындағы «Баграмян» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды

Қару-жарақ пен техника

 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дамыту жоспарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың кезең-кезеңімен қайта жарақтандыру, қайта жабдықтау және жандандыру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта, жаңа буындағы тренажерлер сатып алынуда. Бірінші кезекте әскери-оқу орындары мен оқу-жаттығу бөлімшелері жабдықталған. Сонымен қатар, қолда бар авиациялық тренажерлердің жандандыруы басталуда.

Қазіргі тренажерлер экипаждар мен қызмет көрсету персоналдың оқыту деңгейін арттыруға және  жанар-жағармайға, оқ-дәрілер мен жауынгерлік машиналар ресурсына бөлінетін едәуір қаражаттардың үнемделуіне мүмкіндік береді.

Әскери техника жайында сөз өрбіткенде ерекше айта кетер жайт, биыл Астанада «KADEX-2016», яғни қару-жарақ пен әскери техника мүліктерінің ІV Халықаралық көрмесі өтеді. Маусым айына жоспарланған аталмыш көрме отандық әскери өнімдерді әлемге танытуда қолайлы мүмкіндіктер туғызбақ. Бұл іс-шарада ең басты көзделетін мәселе электрондық және электронды оптикалық жүйелерді, байланыс және басқару жүйелерін, желілік шешімдерді жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, әскерлерді басқару кешендері мен қару-жарақтар, жоғары дәлдегіш қарулардан қорғау құрылымы, авиациялық техника, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен құрылғылары, оптикалық-электрондық құрылғылар қолданыста үлкен қызығушылық тудырып отырған техникалар.

Халықаралық шара қорғаныс өнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарды жетілдіріп, жоғарғы технологиялық өнімдерді шығаруға қабілетті ғылыми саладағы өндірістерді дамытады. Себебі, әскерлерді қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен, барлау және байланыс құралдарымен кешенді түрде қайта жабдықтау және жарақтандыру елдегі қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінде Аэроұтқыр әскерлері, Әскери-әуе күштері, Арнайы операциялар, барлау және байланыс күштеріне қарасты құралымдар мен әскери бөлімдерге ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде Құрлық әскерлері үшін «БМПТ» танктерді қолдау жауынгерлік көлігі, түріктің «Кобра» машинасы және БТР-82А брондытранспортерлер сатып алынды. Ал Әскери-әуе күштері үшін С-295 және Су-30СМ көп функционалды жойғыш әскери-көлік ұшақтары әкелінді.

 

Сөз соңы 

Жыл басы ұрандатып, дабылмен қызу басталды. Алдағы уақытта да әскерилерді түрлі оқу-жаттығулар мен халықаралық сайыстар күтіп тұр. Соған дайын болу үшін қазақстандық оғландардың жауынгерлік дайындығына мән беріліп, нақты міндеттер жүктелді. Өткен жылғы өткізілген оқу-жаттығулар мен сайыстар қорытындылары бойынша шетелдік қазылар  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің шеберлігі мен кәсіптілігіне жоғары баға берді. Биыл да сол жетістікке жетеді деген үмітіміз зор. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"